Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бір саты жоғарылап, 117-орынға тұрақтаған.

Алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер жоқ. Соңғы рейтингте Бельгия мен Франция құрамалары бірінші орынды өзара бөлісіп тұрса, бұл жолы Роберто Мартинес жаттықтыратын құрама көш басына шыққан. Сондай-ақ Уругвай мен Англия құрамалары өзара орын алмасқан.

1 (1). Бельгия — 1733 ұпай
2 (1). Франция — 1732
3 (3). Бразилия — 1669
4 (4). Хорватия — 1635
5 (6). Англия — 1619
6 (5). Уругвай — 1617
7 (7). Португалия — 1616
8 (8). Швейцария — 1598
9 (9). Испания — 1594
10 (10). Дания — 1584

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Мозамбик ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 9 саты төмендеп, 122-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Гибралтар құрамасы еншіледі. Олар 8 саты жоғарылап, 190-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, осы айда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында екі ойын өткізді. Ригада Латвиямен тең ойнап, Астанада Андорраны 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ө. Сансызбай