Чемпиондар лигасы: Салах рекорды мен "Атлетиконың" антирекорды

Чемпиондар лигасы: Салах рекорды мен "Атлетиконың" антирекорды
Фото: Atlántico Diario

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі үшінші ойындар аяқталды. Түнде өткен тартысты ойындарда рекорд та, антирекорд та тіркелді.

"С" тобында "Ливерпуль" көш басына шықты. Ағылшындық команда "Энфилдте" топ аутсайдері "Црвена Звезданы" 4:0 есебімен ұтты. Ойында дубль жасаған (екі гол соққан) мысырлық футболшы Мұхаммед Салах клуб рекордын орнатты. Шабуылшы мерсисайдтық команда сапында 50-ші голын соқты. Бұл межені 65 ойында бағындырды. Бұрын-соңды бірде-бір футболшы командада дәл осылай жетістік шыңын бағындырмаған. Айта кетсек, Фернандо Торрес 50 голды 72 ойында соққан. 


Тағы бір рекорд "Барселона" мен "Интер" ойынында тіркелді. Мессидің жарақат алуына байланысты алаңға шыққан Рафинья гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Ол Чемпиондар лигасы доп додасында каталондық клуб сапында алаңға шығып, гол соққан 78-ші футболшы атанды. "Барселонадан" өзге бірде-бір команда қатарынан осынша футболшы гол соқпаған. Ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.


Мадридтің "Атлетико" футбол клубы Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі үшінші турда "Боруссия Дортмундтан" ойсырай ұтылды. "Сигнал Идуна Парк" стадионында өткен ойында алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Испандық ұжым Диего Симеоне жаттықтырған тұста төрт доп айырмасымен ұтылып көрмеген. Түнде өткен ойында антирекорд жасады. Төрт рет өз қақпаларынан доп алып шықты.

Ойында дортмундтық команда сапында Рафаэль Геррейро дубль жасаса, Аксель Витсель мен Джейден Санчо бір-бір голдан соқты.

"Реал" шабуылшысы Месси мен Раульдің рекордын қайталады

48 жастағы аргентиналық маман "Атлетиконы" 2011 жылдан бері жаттықтырып келеді. Одан бергі аралықта 391 рет команданы алаңға бастап шықты. Бір рет Испания чемпионы, кубогы, Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ екі рет Еуропа лигасы мен екі рет УЕФА Суперкубогын иеленді.

Чемпиондар лигасы, ІІІ тур

Түнде өткен ойындар нәтижелері:

"A" тобы

"Боруссия" (Германия, Дортмунд) - "Атлетико" (Испания) - 4:0
Гол соққандар: Аксель Витсель, 38, Рафаэл Геррейру, 73, 89, Джейдон Санчо, 83

"Брюгге" (Бельгия) - "Монако" (Франция) - 1:1
Гол соққандар: Уэсли, 39 - Мусса Силла, 31

"B" тобы 

"Барселона" (Испания) - "Интер" (Италия) - 2:0
Гол соққандар: Рафинья, 32, Жорди Альба, 83

ПСВ (Нидерланд) - "Тоттенхэм" (Англия) - 2:2
Гол соққандар: Ирвин Лосано, 29, Люк де Йонг, 87 - Лукас Моура, 39, Харри Кейн, 54
Алаңнан қуылды - Уго Льорис, 79 ("Тоттенхэм") 

"C" тобы

ПСЖ (Франция) - "Наполи" (Италия) - 2:2 
Гол соққандар: Мариу Руй, 61 (автогол), Анхель Ди Мария, 90+3 - Лоренцо Инсинье, 29, Дрис Мертенс, 77

"Ливерпуль" (Англия) - "Црвена Звезда" (Сербия) - 4:0
Гол соққандар: Роберто Фирмино, 20, Мохамед Салах, 45, 51 (пен), Садио Мане, 80 

"D" тобы

"Локомотив" (Ресей, Мәскеу) - «Порту» (Португалия) - 1:3
Гол соққандар: Антон Миранчук, 38 - Мусса Марега, 26 (пен), Эктор Эррера, 35, Хесус Корона, 47 

"Галатасарай" (Түркия) - "Шальке" (Германия) - 0:0

О. Сансызбай