Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының алғашқы қатысушылары анықталды

Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының алғашқы қатысушылары анықталды

Кеше түнде чемпиондар Лигасының кезекті турдың кездесулері өткен болатын. Испандық "Малага" клубы атақты италиялық "Миланмен" 1:1 есебімен тең ойнап, плей-офф кезеңіне жолдама алып үлгерді. 

"Малага" қазіргі кезде өз тобында үшінші орында келе жатқан "Андерлехт" клубынан алты ұпаймен озық тұр. Сондықтан келесі кезеңде ұтылып қалып жатса да, "Малага" өз тобынан кем дегенде екінші орынмен плей-офф кезеңіне шығады. 

Дәл осындай жағдай "А" тобында да орын алды. Бұл топта "Порту" 10 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Кешегі ойында португалиялықтар "Динамо Киевпен" тең тарқасты.  

Басқа матчтарда  "Андерлехт" өз үйінде "Зенитті" минималдық есеппен ұтты. ПСЖ болса, хорватиялық "Динамоны" ойсырата жеңді. Есеп: 4:0. 

Айта кететін жағдай, "Малага" да, "Порту" да өздеріне бірінші орынды әлі қамтамасыз ете қойған жоқ. Малага екінші орындағы Миланнан бес ұпай алда келе жатыр. Ал Порту мен ПСЖ арасындағы айырмашылық тек бір ұпай ғана. Сондықтан барлық мәселе алдағы ойындарда шешіледі.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zl-news.ru

Б. Қосмағамбет