Америкалық клуб аспаннан ақша шашты

Америкалық клуб аспаннан ақша шашты
Фото: pbs.twimg.com

АҚШ-тың "Лас-Вегас Лайтс" футбол клубы жанкүйерлеріне ерекше тосынсый жасады. Құрылғанына 28 жыл толуына орай команда аспаннан ақша (доллар) шашты.

Команданың кезекті кездесуінен кейін стадионға тікұшақ келіп, алаңға ақша шаша бастаған. Стадион қызметкерлері мен жанкүйерлер жапатармағай таласқан сәт интернет желісінде қызу талқылануда. Клуб осындай тосынсыйға 5 000 АҚШ долларын шығындапты.

Айта кетейік, "Лас-Вегас Лайтс" АҚШ-тың екінші деңгейлі чемпионатындағы команда. 27 ойыннан кейін "В" тобында 14-орында келеді.

О. Сансызбай