ФИФА әлем чемпионатының ең үздік голын анықтады

ФИФА әлем чемпионатының ең үздік голын анықтады
Фото: Eurosport

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) Ресейде өткен әлем чемпионатының ең үздік голын анықтады. Бұл марапатқа Франция ұлттық құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павар ие болды.

Ең үздік гол иегері жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықталған. Негізінен бұл марапатқа 18 ойыншының соққан голы үмітті болған еді.

- Допты келген бағытына қайта теуіп жіберуді ойладым. Қалай тебу керек екенін шабуылшылар жиі айтатын. Солай жасадым. Доп қақпаға кіріп бара жатқанын байқадым. Мен шексіз бақытты едім, - деді футболшы.

Бенжамен Павар бұл голын 1/8 финалда Аргентина ұлттық құрамасының қақпасына соққан болатын. Ал үздік голдар тізімінде екінші орынды Хуан Кинтероның Жапония қақпасына айып соққысынан соққан голы иеленді. Үздік үштікті Лука Модричтің Аргентина құрамасы соққан голы түйіндеді.

Айта кетейік, Бенжамин Павар әлем чемпионатында үздік гол марапатына ие болған алғашқы еуропалық ойыншы атанып отыр. Бұл марапат алғаш рет 2006 жылы табысталды. Германияда өткен мундиальда Макси Родригестің (Аргентина), 2010 жылы Диего Форланның (Уругвай), 2014 жылы Хамес Родригестің (Колумбия) голдары үздік деп танылған еді.

О. Сансызбай