Флойд Мейвезер әлемдегі ең қымбат сағатты сатып алды

Флойд Мейвезер әлемдегі ең қымбат сағатты сатып алды
Фото: The Source

Бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленген америкалық боксшы Флойд Мейвезер (кішісі) әлемдегі ең қымбат сағатты сатып алды, - деп жазады vringe.com.

Әлемдегі ең бай спортшы құнды дүниелерге қатты қызығады. Көңіліне ұнаған дүниеден қаржысын аяған емес. Бұл жолы боксшы ең қымбат сағатты сатып алғанын жариялады.

- Бұл - менің жаңа сағатым. Миллардерлердің сағаты деп аталады. Бұл туралы білмесеңіз, Google Billionaire Watch-тан іздеңіз. 18 миллион доллар тұрады, - деп жазды спортшы instagram парақшасында.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер өткен жылдың тамыз айында ММА жұлдызы Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Ең көп қаржы түскен бокс кеші болды. Америкалық спортшы 400 миллион доллар көлемінде табысқа кенелді.

Ө. Сансызбай