Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Футболда талай қызық бар

Футболда талай қызық бар

Футболда талай қызық бар

Тұмандағы шытырман. Ағылшын футболының қыстыгүнгі жағдайы елге мәлім. Трибунаны да, алаңды да тұман басады да тұрады. Осындай жағдайда өткен бір ойында есеп 3-3 болып тіркеледі. Бірақ шабуылшы Джордж Одц: "Мен бұл ойында 5 гол соққанымды анық білемін, бірақ олардың қай қақпаға кіргенін байқамаппын", - дейді. Сондай-ақ ойын соңында белгілі болғандай, төрешілер бұл кездесуге әр командадан 18 футболшы қатысқанын да байқамай қалыпты. 

Төрешінің таяғы. 50-жылдардың ортасында Иранның Әл-Харвес ауданында төрешілерге ойында тек қана ысқырық емес, соған қоса резеңке таяқ та ұстатыпты. Төрешілерге ескерту мен алаңнан қуу құқығына тағы реті келгенде көңіліне ұнамаған аяқдопшыны сабап алуға да рұқсат беріпті. Ойынды көргендердің айтуынша, осы амалдан соң тәртіпсіздік жоқтың қасы болған. 

Төрешінің арқасында сөйлеп кетті. Бұл ерекше қызық оқиғаға 1967 жылы Тунистегі бір стадионға жиналған көрермендер куә болыпты. Төреші ойын барысында бір футболшыны алаңнан қууға шешім қабылдайды. Сөйтсе, ойыннан қуылған футболшы жастайынан сөйлеу қабілетінен айырылған екен. Қазының бұл шешіміне қатты наразылық білдіріп, ашуланған оған кенеттен тіл бітеді. Тәртіп бұзғанының үстіне балағат сөздер айтуын тоқтатпаған ол төрешінің шешімімен алаңнан қуылады. Сол кездесуде ол алаңнан қуылғанына аса қатты өкіне қоймаған. Өйткені ол бұдан былай сөйлеу нығметіне ие болған еді. 

Бәріне бірдей қызыл қағаз. Көп кездесе бермейтін оқиғаның бірі Испанияның 2-лигасындағы "Сан Исидро" мен "Олимпико Карранте" кездесуінде болады. Ойынның аяқталуына 3 минут қалғанда төрешілікке наразы болған екі команданың аяқдопшылары төрешіні қоршап, наразылықтарын ортаға салады. Осы сәтте төреші еш саспастан қызыл қағазды ойынға қатысқан барлық 22 ойыншыға көрсетіп шығады. Осылайша ойын яқталған. 

Баспен соғылған пенальти. Шынымен-ақ ерекше соғылған пенальтиді 1971 жылы тамызда полтовалық "Строитель" ойыншысы Александр Молодецкий соғады. Гол егесінің өзі: "Мен жүгіріп келдім де, еңкейіп барып қозғалмай тұрған допты баспен соқтым. Гол! Доп оң жақ төменгі бұрышқа түсіпті", - дейді. Иә, бұл голды көзге елестетудің өзі қиын. Бұл жайт тарихта расында тіркелген екен. 

11 метрліктен – өз қақпасына. Буксхаймдағы (ГФР) футбол ойынында төреші 11 метрлік айып добын белгілейді. Бұған, әлбетте, наразы болған аяқдоп шеберлері төрешіге қысым көрсетеді. Алай-бұлай жалынып сұрағанымен, төреші өз шешімін өзгертпей, допты нүктеге қояды. Осы кезде қарсылық білдіруші бір қорғаушы допты бір тебеді, ол дәл барып қақпаға кіріп кетеді. Ал төреші дым болмағандай голды санап жіберген екен. Өз қақпасына пенальтиден соғылған бұл гол әлемдік футбол тарихында әзірге жалғыз болса керек. 

Үй қамауындағы жанкүйер. Жексенбі күндерінің бірінде Италияның Кампос қаласының өрт сөндіру бөлімінде дабыл қағылып, өрт сөндірушілер межелі жерге келеді. Бірақ ешқандай от, түтіннің иісі шықпайды. Кенет 2-қабаттан "Құтқарыңдар, өрт!" деген дауыс шығады. Тез арада дауыс шыққан терезеге саты қойылып, үй ішіндегі адам аман-есен жерге түседі. Ай-шайға қарамаған ол стадионға жүгіре жөнеледі. Сөйтсе, ол Джованни Круйзароның ойынын сүйіп көретін жанкүйер болып шығады. Бүгінгі маңызды ойыннан қалмау үшін, амал жоқ осындай әрекетке барған. Өйткені футболға жібермеу үшін әйелі оны сыртынан құлыптап кеткен екен. Әр жексенбі сайын футболдан қалмайтын ол бұл жолы да әйелін алдаған екен. 

Ең сорақы гол. 1973 жылы "Спарта" (Роттердам) қорғаушысының "Барселонаға" соққан добын дәл осылай атаған екен. Өйткені ол өз қақпасынан қауіптің бетін қайтарамын деп, допты әуеге теуіп жібереді. Қатты соққан желдің әсерінен доп жарылып, дәл "Барселонаның" қақпасына түседі. Төреші Форес допты айырбастап, футболшылардың қарсылығына қарамастан голды санаған дейді. 

Картинки по запросу mean machine

Полицейлер футболы. Бразилиялық "Какова" футбол клубы жақсы өнер көрсетіп, көзге түсісімен ІІМ шешім қабылдап, команданы таратып жібереді. Неге десеңіз, команда сапы кілең полицейлерден құралады. Олар өздерінің негізгі міндетін атқарудан гөрі футболға тым әуес болып кеткен екен. Ал олардың жанкүйерлері полицей киімімен стадионға келіп, трибунаны бір түспен әдемі қылып көрсетеді. Қошеметтің бұл ерекше түрі бұрын-соңды болмаған. Сол кездердегі басылымдардың жазбасына қарағанда, қалада қылмыс көбейіп кеткенменен, стадиондағы тәртіп үлгі аларлықтай болыпты-мыс. 

"Жыртық" қақпашы. Британ аралындағы Ридинг атты қаланың футбол командасының қақпашысы Джимми Тейлордың ойынына көп адам наразы болады. Бір маусымда өткізген 27 ойында ол 456 доп жіберіп үлгерген. Орташа есеппен алғанда, бір ойында – 17 гол. 

Доп ұстамаған қақпашы. 50-жылдардың соңында өзіндік рекордпен "Югорден" (Стокгольм) командасының қақпашысы ерекшеленеді. Оның командасы бір ойында 18:0 есебімен жеңіп, қақпашыға бір де бір рет доп ұстатпапты. Ойынға қақпадан қосқан доптың екеуін де доп артынан жүгірген қорғаушы теуіпті. 

4 команда, 44 ойыншы, 2 доп. Бұл ерекше ойын 1959 жылы Гельзенкирхенде (ГФР) болған. Стадион әкімшілігі байқаусызда қолдопшылар мен футболшыларды бір күнге, бір уақытқа шақырып қояды. Ал енді алаңда кім ойнайтынын шешу үшін екі команда қызу тартысқа түседі. Ақыры келісім таппай, төрт команда да алаңға шығып, ойынға кіріседі. Бұл біртүрлі ойынды ертеңгі шыққан газеттерде: "Осыншама қиын жағдайда өткен ойындар әйтеуір соңына дейін жетті" деп жазады. Қолдопшылардың есебі 14:2 болып тіркелсе, футболшылар 4:2 деген нәтижемен тарасады. Гандболдан ұтылған команда ойын соңында шағым түсіреді. Ал ойынды тамашалаған жанкүйер қауым маусымның мұндай ерекше ойынын көргендеріне еш өкінбеген. 

Грекиядағы сорақы гол. 1978 жылғы Грекия біріншілігінде өнер көрсеткен "Этникос" футбол клубы өз алаңында ПАОК-ты қабылдайды. ПАОК ойыншылары есеп ашып, қуаныштары қойындарына сыймай, алаң шетіне барып мәре-сәре болып жатады. Тіпті төрешінің ойынды жалғастыруға нұсқау бергенін де байқамай қалады. Осы сәтті ұрымтал пайдаланған алаң иелері допты ортадан бастап, бос тұрған қақпаға гол соғады да, есепті теңестіріп жібереді.

Ермұхамед Мәулен
"Комментатор күнделігі"

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: sky.com, www.footballhistory.org
Қосылған күні: 12 маусым, 15:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.