Садриддин Ахмедов Жанқош Тұраровтан жеңілген боксшымен жұдырықтасады

Садриддин Ахмедов Жанқош Тұраровтан жеңілген боксшымен жұдырықтасады
Фото: Eye of the Tiger Managament

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегін 16 маусым күні өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – Густаво Гарибай.

Мексикалық боксшы кәсіпқой бокста 2008 жылдан бері бақ сынап келеді. 25 жекпе-жек өткізіп, 13-де жеңіске жеткен. 10 рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен. Ол осыған дейін де қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізген. 2017 жылдың мамыр айында Жанқош Тұраровпен АҚШ-та жұдырықтасқан. Жанқош Густавоны үшінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы сапында талай халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысты. Екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Канаданың  Eye of the Tiger Managament промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Бұл компанияда Садриддиннен өзге Батыр Жүкембаев,  Абылайхан Хұсайнов және Нұрзат Сабыров сынды боксшылар бар.

Ө. Сансызбай