Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Египет жанкүйері велосипедпен ертең Мәскеуге жететіні белгілі болды

Египет жанкүйері велосипедпен ертең Мәскеуге жететіні белгілі болды

Египет жанкүйері велосипедпен ертең Мәскеуге жететіні белгілі болды

Египеттік Мохамед Нуфал – 24 жастағы фотограф және футбол жанкүйері. Ресейдегі футболдан өтетін әлем чемпионатына соңғы 28 жылда алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған ұлттық құрамасын қолдау мақсатында, 7 сәуір күні Каирдегі футбол алаңнан велосипедпен жолға шыққан. Бағыты – Мәскеу.

Нуфал 65 күнде 5 мың шақырымды басып өтіп 31 мамыр күні Ресейге жетуі керек болатын. Бірақ, жолдағы кедергілер мен велосипедінің бұзылып қалуының арқасында біраз кешігіп яғни ертең 7 маусым күні Мәскеуге жетіп баратыны белгілі болып отыр.

Бұл Нуфалдың алғашқы рет алыс жолға велосипедпен шығуы емес. 2017 жылы 90 күн ішінде 5 мемлеккет жерін басып өтіп, Африка ұлттар кубігіне ұлттық құрамасын қолдауға барған болатын. Бұл жағынан ол айтарлықтай тәжрибеге ие.

Бір қызығы Нуфал Ресейге сапарының барлығын велосипедте жүріп өте алмаған. Мысырдан Иорданияға барғасын, Сириядағы соғысқа байланысты ұшақпен Болгарияға ұшып кеткен. Руминия арқылы Украинаға өтпекші болғанда виза жоқтығына байланысты, Бухаресттен Беларуссияға ұшып барып, сол жерден ары қарай велосипедпен жолын жалғастырған.

Ол күніне 80 шақырым жол жүріп отырған. Кейде қонақүйге, кейде ашық аспан астында түнесе кей жағдайларда жергілікті тұрғындар көмектескен.

Нуфал саяхатқа 20 мың АҚШ доллары кетеді деп есептеген екен. Бірақ, мейрімді адамдардың арқасында бұдан аз ақша кеткенін айтады. Оны жолда түрлі журналистер сұқбатқа, эфирге шақырған.

Нуфал ертең Ресей астанасы Мәскеуге тоқтап, ары қарай 15 маусымдағы Екатиренбургте өтетін Египет – Уругвай матчын тамашалау үшін велосипедте шығып кетеді. Сонымен бірге саяхатшы Санкт-Петербург, Волгоград, Грозный қалаларына да баруды ниет етіп отыр.

ӘЧ-2018 де Египет Уругвайдан басқа Ресей (19 маусым), Сауд Арабия (25 маусым) ұлттық құрамаларына да қарсы ойнайды. Нуфалдың айтуынша "перғауындарға" нағыз қарсылас Ресейліктер болайын деп тұр.

Саяхатшы үйіне Египет ұлттық құрамасымен бірге арнайы авиарейсте қайтуды жоспарлап отыр.

0
Рейтинг: +1

Фото: daralmaref.com
Қосылған күні: 06 маусым 2018, 16:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.