Чемпиондар лигасының ең үздік ойыншылары анықталды

Чемпиондар лигасының ең үздік ойыншылары анықталды
Фото: Real Madrid - Diario AS

Футболдан Еуропаның клубтар арасындағы басты бәсекесі саналатын 2017/2018 маусымдағы Чемпиондар лигасы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша маусымның үздік ойыншылары да анықталды.

Ең үздіктер құрамына 18 футболшы енген. Оның көпшілігі жарыс жеңімпазы атанған "Реал" ойыншылары.

УЕФА таңдауы бойынша маусымның үздік ойыншыларының тізімі. 

Қақпашылар: Кейлор Навас ("Реал"), Алисон Бекер ("Рома");

ҚорғаушыларЙосуа Киммих ("Бавария"), Серхио Рамос, Марсело, Рафаэль Варан (үшеуі де - "Реал"), Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль"), Джорджо Кьеллини ("Ювентус");

Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брейне ("Манчестер Сити"), Каземиро, Лука Модрич, Тони Кроос (үшеуі де - "Реал"), Хамес Родригес ("Бавария");

Шабуылшылар: Эдин Джеко ("Рома"), Роберто Фирмино, Мұхаммед Салах (екеуі де – "Ливерпуль"), Лионель Месси ("Барселона"), Криштиану Роналду ("Реал").

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасын "Реал" үшінші жыл қатарынан жеңіп алды. "Корольдік клуб" бірер күн бұрын Киевте өткен финалда "Ливерпульді" 3:1 есебімен ұтты.

Ө. Сансызбай