Гарет Бэйлдің "Реалдан" кетуіне 3 себеп

Гарет Бэйлдің "Реалдан" кетуіне 3 себеп
Фото: football-fun.ru

Мадридтің "Реал" футбол клубында ойнайтын танымал футболшы Гарет Бэйл жазда өзге командаға ауысуы мүмкін. Бұл жайында El Confidencial басылымы хабарлады.

Уэльс құрамасы ойыншысының команда ауыстыруына түрлі себептер бар екен. El Confidencial басты 3 себебін айта кеткен. Ең біріншісі – футболшы негізгі құрамда ойнап, шеберлігін шыңдағысы келеді. Алайда алаңға көп шықпағандықтан ойын тәжірибесі жетіспей жүр екен. Екінші себеп – Бэйл бас жаттықтырушы Зиннедин Зиданмен тіл табыса алмайды. Үшіншіден валиилік футболшы испан тілін үйрене алмаған.

Қазіргі таңда "корольдік клуб" Гарет Бэйлдің трансферлік құнын 120 миллион еуроға бағалап отыр. Ойыншын алуға басты үмітті командалардың бірі – "Манчестер Юнайтед".

Айта кетейік, футболшы осы маусымдағы Испания чемпионатында 20 ойында 11 гол соқты.

Ө. Сансызбай