Қытайда футболшылардың тату салдыруына тыйым салынады

Қытайда футболшылардың тату салдыруына тыйым салынады
Фото: china daily

Қытай футбол қауымдастығы (CFA) ұлттық құрама мен ішкі лигадағы футболшылардың тату (татуировка) салдыруына тыйым салмақ, - деп хабарлайды The Paper басылымы.

Таяуда ғана Қытай құрамасының ойыншылары Уэльске қарсы ойынға татуларын жасырып шықты. Себебі жастарға осылай үлгі болулары керек екенін көрсеткілері келген. Тіпті татуларына байланысты бір футболшы құрамадағы ойынына қатыса да алмаған.

Қазіргі таңда Қытайда телеарнада жұмыс жасайтын мамандарға тату салдыруына тыйым салынған.

Айта кетейік, Қытай құрамасы наурыз айында жаңарған ФИФА рейтингінде 66-орында тұр.

Ө. Сансызбай