ФИФА голдарға қатысты бейнежазбаны қолдануға рұқсат берді

ФИФА голдарға қатысты бейнежазбаны қолдануға рұқсат берді

ФИФА голдарды тексеруге арналған бейнежазбалар жүйесін жасаушы өндірушілермен (Goal-line technology, GLT) лицензиялық келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды "Вести.Ru". 

Енді бұл жүйе күмәнді болған голдарды тексеріп, төрешілердің жұмысын едәуір жеңілдетпек. Бұл аталған жүйе бірінші болып ұлттық чемпионаттарда іске қосылмақ. Осы жүйенің іске қосылуына чемпионаттарда орын алған бірнеше күмәнді голдар себепші болып отыр. Былтыр ФИФА мамандары осындай орын алған жағдайларға байланысты жүйенің тезірек іске қосылуына бірауыздан дауыс берген еді. 

Тұңғыш рет биыл бұл жүйені осы жылдың желтоқсанында Жапонияда өтетін клубтық әлем біріншілігінде байқап көре аламыз. Ал ағылшын премьер-лигасында бұл жүйені қаңтар айында іске қосу жоспарланған. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net 

Б. Қосмағамбет