"Ақтөбе" – жаңа маусымдағы ең жас команда

"Ақтөбе" – жаңа маусымдағы ең жас команда
Фото: "Ақтөбе" ФК

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Бірінші тур ойындары да өтті. Командалар құрамын жаңартып, қатарларын жаңа ойыншылармен толықтырған.

"Ақтөбе" командасы ойыншылар алдындағы қарызына байланысты негізгі құрам футболшыларын жаңа маусымға тіркеп үлгерген жоқ. Нәтижесінде алғашқы турда қосалқы құрам мен жас ойыншылары ойнады. Әзірге "Ақтөбе" командасы жаңа маусымдағы ең жас команда атанып отыр, - деп жазады Vesti.kz.

ҚПЛ командаларының орта жас мөлшері:

1. "Ақтөбе" - 25,1 (ең жасы үлкен ойыншы Антон Шурыгин, 29 жас)
2. "Шахтер" - 25,4 (Евгений Тарасов, 32 жас)
3. "Қайрат" - 25,6 (Андрей Аршавин, 36 жас)
4. "Ертіс" - 26,5 (Алмат Бекбаев, 33 жас)
5. "Ордабасы" - 26,9 (Қайрат Əшірбеков, 35 жас)
6. "Ақжайық" - 27,1 (Александр Воловик, 32 жас)
7. "Астана" - 27,8 (Александр Мокин, 36 жас)
8. "Жетісу" - 27,9 (Альмир Мухутдинов, 32 жас)
9. "Атырау" - 28,1 (Предраг Сикимич, 35 жас)
10. "Тобыл" - 28,4 (Нұрбол Жұмасқалиев 36 жас)
11. "Қайсар" - 29,4 (Мақсат Байжанов жəне Валерий Коробкин, екеуі де - 33 жаста)
12. "Қызылжар" - 29,5 (Əли Əлиев 37 жас)

Айта кетейік, ел премьер-лигасындағы трансфер кезеңі 3 сәуір күні аяқталады. Оған дейін командалардың ойыншы алмастырып, құрамына өзгерістер жасауына болады. 

Ө. Сансызбай