Кабананга жаңа командасы сапындағы голын бірінші ойында-ақ соқты

Кабананга жаңа командасы сапындағы голын бірінші ойында-ақ соқты
Фото: "Аль-Наср"

Футболдан Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы Джуниор Кабананга "Әл-Наср" (Сауд Арабиясы) командасы сапындағы алғашқы ойынында-ақ гол соқты.

Көш басындағы "Әл-Хилал" командасына қарсы ойында футболшы 8 минутта қарсыластар қақпасында доп тулатты. Ал ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Джуниор Кабананга "Әл-Насрға" елорданың "Астана" клубынан ауысты. Жаңа командасымен 2,5 жылға келісімшартқа қол қойған. Трансфер құны 2 миллион еуроны құраған болатын.

Шабуылшы "Астана" сапында 2015 жылдың жазынан бері ойнап келді. 2016 жылғы маусымның бірінші айналымын уақытша Түркияның "Карабюкспор" клубында өткізді. Жалпы ол елордалық команда сапында 94 кездесуге қатысып, 37 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Ө. Сансызбай