Қысқы Олимпиада кезінде спортшылар тұратын қалашық

Қысқы Олимпиада кезінде спортшылар тұратын қалашық
Фото: AFP, sport-express.ru

9 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Төрткүл дүниенің кіл мықты спортшылары келетін жарысты спортсүйер қауым асыға күтуде.

Оңтүстік Корея жеріндегі қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Бір аптадан кейін әр елдің ұлттық құрамалары мен спорттық делегация өкілдері Пхенчханға ағылатын болады. Спортшылардың барлығы Олимпиада қалашығына тұрақтайды. Назарларыңызға спортшылар қалашығынан аз-кем фотобаян ұсынамыз.

Ө. Сансызбай