Ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын 10 футболшы
Фото: коллаж

"Press Association Sport" интернет басылым ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын 10 футболшының рейтингін жариялады. Бұл тізімде жақында ғана "Арсеналдан" "Манчестер Юнайтедке" ауысқан Алексис Санчес көш бастап тұр.

Басылым мәліметі бойынша "қызыл сойқандар" сапына ауысқан чилилік футболшы аптасына 500 мың фунт стерлинг жалақы алады. Одан кейін ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі – Поль Погба. Француз жартылай қорғаушысы да "Манчестер Юнайтедте" ойнайды. Кей бейресми деректер бойынша Алексиске берілетін жалақыдан кейін Погба да алатын еңбекақысын жоғарылатуды сұраған. Ол аптасына 290 мың фунт стерлинг алады екен.

"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы беретін команда екенін рейтингке қарап айқын аңғаруға болады. Себебі алғашқы төрттіктегі футболшылардың барлығы осы командадан екен.

1. Алексис Санчес ("Манчестер Юнайтед") – 500 мың фунт стерлинг
2. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") – 290 мың
3. Ромелу Лукаку ("Манчестер Юнайтед") – 250 мың
4-7. Златан Ибрагимович ("Манчестер Юнайтед") – 220 мың
4-7. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити") – 220 мың
4-7. Эден Азар ("Челси") – 220 мың
4-7. Сеск Фабрегас ("Челси") – 220 мың
8. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед") – 200 мың
9. Виргил ван Дейк ("Ливерпуль") – 180 мың
10. Александр Ляказзет ("Арсенал") - 170 мың

Ө. Сансызбай