Әлемдегі ең қымбат 10 футболшы

Әлемдегі ең қымбат 10 футболшы
Фото: google.kz

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Рейтингте Париждің ПСЖ клубының бразилиялық легионері Неймар көш бастап тұр.

"CIES" Неймарды әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде танып отыр. Трансферлік құнын 213 миллион еуроға бағалаған. Былтыр футболшының құны бұдан да жоғары еді. Әйтсе де бразилиялық ойыншы Париждің ПСЖ клубына 222 миллион еуроға ауысып келді. Кей сарапшылар 2018 жылы "Алтын допты" Неймар алатынын болжаған-ды.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде екінші орынға Лионель Месси орналасқан. "CIES" аргентиналық шабуылшының құнын 202,2 миллион еуроға бағалаған. "Барселона" көшбасшысының құны былтырғыдан (170,5 миллион еуро) айтарлықтай өскен.

Үштікті "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн түйіндеп тұр. Оның трансферлік құны 194,7 миллион еуро көлемінде екен.

Мадридтік "Реалдың" үздік шабуылшыларының бірі Криштиану Роналду бұл рейтингте бар болғаны 49-орынға жайғасқан. "CIES" португалдық шабуылшы өзге командаға ауысар болса 80,4 миллион еуроға бағаланады деп топшылап отыр. Өткен жылы португалдық ойыншы 7-орында (126,5 миллион еуро) болатын.

Олай болса әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығымен таныс бола отырыңыздар.

1. Неймар (ПСЖ) – 213 миллион еуро;
2. Лионель Месси ("Барселона") – 202,2;
3. Харри Кейн ("Тоттенхэм") – 194,7;
4. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 192,5;
5. Пауло Дибала ("Ювентус") – 174,6;
6. Деле Алли ("Тоттенхэм") – 171,3;
7. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити") – 167,8;
8. Ромелу Лукаку ("Манчестер Юнайтед") – 164,8;
9. Антуан Гризманн ("Атлетико" Мадрид) – 150,2;
10. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") – 147,5.

Ө. Сансызбай