Ресейлік футболшы бір метрден ашық қақпаға гол соға алмады

Ресейлік футболшы бір метрден ашық қақпаға гол соға алмады
Фото: ria.ru

Футболдан Ресей чемпионатының ХХ турында "Зенит" командасының шабуылшысы Александр Кокорин "Ахмат" командасына қарсы ойында бір метрден ашық қақпаға гол соға алмады. Мұны Испанияның Marca басылымы "жыл қателігі" деп бағалады.

Ресейлік футболшы 59 минутта өзіне келген мүмкіндікті мүлт жіберді. Қақпа бағанына тиіп, аяғына дәл келген допты шабуылшы биік бағыттады. Бәлкім, футболшы мұндай мүмкіндік боларын күтпесе де керек.

Ойын 0:0 есебімен аяқталды. "Зенит" 37 ұпаймен екінші орында қалса, "Ахмат" 26 ұпаймен жетінші орында тұр.

Айта кетейік, осы маусымда 10 гол соққан Александр Кокорин Федор Смолов ("Краснодар") пен Куинси Промеспен ("Спартак") бір қатарда тұр. 

Ө. Сансызбай