Футзалдан Парагвай ұлттық құрамасы Алматыға келді

Футзалдан Парагвай ұлттық құрамасы Алматыға келді

"Қайрат" мини-футбол клубы 21 қазанда Парагвай ұлттық құрамасымен жолдастық кездесуге шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Оңтүстік Америкалық қонақтар Алматы қаласына дүйсенбі күні 15 қазанда келіп жетті. Олар жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізбек. Матч "Қайраттың" базасында өткізілмек. Екінші қарымта ойын келесі аптада өтеді деп күтілуде. 

Сонымен бірге, парагвайлықтар еліміздің ұлттық құрамасымен де жолдастық кездесу ойнауға келісім берген екен. 

Айта кетейік, еліміздің футзалдан үздік клубы "Қайрат" Еуропа кубогінің қола жүлдегері және еліміздің бірнеше дүркін чемпионы саналады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: amfr.ru

Б. Қосмағамбет