Криштиану Роналду арманын айтты

Криштиану Роналду арманын айтты
Фото: football24

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік Реалдың көшбасшысы Криштиану Роналду арманын айтты, - деп жазады испанның AS басылымы.

- Барлық жетістіктерді бағындырғым келеді. Қазіргі менің арманым – 5-ші "Алтын доп", келер жылы тағы ұтсам деймін. Мен балаларымды жақсы көремін. Оларсыз менің өмірім түкке тұрғысыз. 7 баланың әкесі, 7 "Алтын доптың" иесі болғым келеді, - деді футболшы.

Айта кетейік, Роналду жақында ғана төртінші баланың әкесі атанған еді. "Алтын допты" да төрт рет жеңіп алды.

Ө. Сансызбай