Роналду "Реалда" атақты Раульдың рекордын жаңартты

Роналду "Реалда" атақты Раульдың рекордын жаңартты
Фото: Ronaldo CR7

Танымал футболшы Криштиану Роналду "Реалда" пас беру нәтижесі бойынша атақты Раульдың рекордын жаңартты. Испания ла лигасының ХІ турында шабуылшы Искоға нәтижелі пас беріп көзге түсті.

Роналду клуб сапында 84 рет нәтижелі пас беріп, командаластарының гол соғуына септігін тигізген. Осыған дейін Рауль 83 нәтижелі пасымен көш басында келген еді. Португалиялық футболшының рекорды - "Реал" тарихындағы соңғы 25 жылдағы ең үздік нәтиже.

Айта кетейік, Роналду биылғы маусымда "Реал" сапында Испания біріншілігінде жеті ойынға қатысып, бір гол және екі нәтижелі пас берді.

Еске салайық, түнде "Реал" футболшылары өз алаңында "Лас-Пальмасты" қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде мадридтік клуб сапынан Каземиро (41 минут), Марко Асенсио (53 минут) және Иско (74 минут) гол соқты. Осылайша, "Реал" 23 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнир кестесінде үшінші орынға шықты.

Ө. Сансызбай