2018 жылғы әлем чемпионатының добы қандай болады?

2018 жылғы әлем чемпионатының добы қандай болады?
Фото: footyheadlines.com

Спорт жанкүйерлері 4 жыл асыға күтетін додалардың бірі – футболдан әлем чемпионаты. 2018 жылы Ресейде өтетін доп додасын асыға күтіп жүрген жандар жетерлік. Бүгінде әлем чемпионатына жолдама алып үлгерген 23 құрама белгілі.

Әр әлем чемпиноты өзіндік ерекшелігімен есте қалады. Ұйымдастырылуы, стадиондар мен ерекше мерекелік қойылымдар, тартысты ойындар мен тамаша соғылған голдар жанкүйер жадынан оңай ұмытылмайды. Ал жарыстың басты символының бірі доп екені жасырын емес. Футбол жанкүйеріне "мынау қай әлем чемпионатының добы" десеңіз жаңылуы екіталай. "+Teamgeist", "Jabulani" мен "Brazuca"-ны жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Ал 2018 жылғы әлем чемпионатының добы қандай болмақ?

Әлеуметтік желілерде 2018 жылғы әлем чемпионатының ресми добы деген суреттер жарияланып үлгерді. Допты "Adidas" фирмасы жасаған. Ресми таныстырылымы 9 қарашада өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей, Бельгия, Англия, Германия, Испания, Исландия, Польша, Сербия, Франция, Португалия, Бразилия, Уругвай, Аргентина, Колумбия, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Сауд Арабиясы, Коста-Рика, Мексика, Панама, Мысыр және Нигерия құрамалары жолдама алып үлгерген болатын. 

Исландия мен Панама құрамалары алғаш рет әлем чемпионатына қатысқалы отыр.

Еске салайық, Ресейдегі әлем чемпионаты келер жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында өтеді.

Ө. Сансызбай