Эшли Коул «Челси» командасынан кетеді

Эшли Коул «Челси» командасынан кетеді

Англия құрамасы мен лондондық «Челси» футбол клубының қорғаушысы Эшли Коул осы маусым аяқталғанда «Челси» командасынан кетеді, деп хабарлайды Ұлыбритания ақпарат құралдары.

Ертеректе белгілі болғандай, «Челси» командасының басшылары 31 жастағы Эшли Коулмен және де аталған клубтың жартылайқорғаушысы Фрэнк Лэмпардпен ұзақ мерзімді келісім-шартқа келіспей, 1 жылдық келісім-шарт жасайтынын мәлімдеген. Сондықтан да осы маусым аяқталысымен, Коул басқа жұмыс іздеуге кірісетін болды. Эшли Коулға бүгіннің өзінде испандық «Реал» және франциялық «ПСЖ» командалары көз қырларын салып жүр. Ал команданың бірнеше жылғы негізгі орындаушыларын бірі - Фрэнк Лэмпардтың жағдайы әлі күнге белгісіз. Келер аптада команданың бапкері Роберто Ди Матео, команда президенті Роман Абрамович және Лэмпард үшеуі жеке кездесу өткізеді. Дәл сол кездесуден кейін Фрэнктің алдағы жағдайы мәлім болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы «Челси» командасының шабуылшысы болған Дидье Дрогба да бір жылдық келісім-шартқа келіспей клубтан кеткен болатын.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sport-xl.net

У. ҚОСАНБАЙ