Big Drama Show немесе Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр?

Big Drama Show немесе Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр?

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласы осы жылдың ең басты бокс кешіне дайындалып жатыр. Ойын-сауық қаласы бокстан бөлек қызыққа да толы. Дженифер Лопес немесе Лэди Гаганың концерттерінің постерлерін бүкіл қалада екі боксшының суреті басып тұр. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің суреттері Лас-Вегастың жарнама тақталарында үздіксіз көрсетілуде, - деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен ексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке екі спорттық кешен дайындалып жатыр. Жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді. Қалған шаралар: салмақ өлшеу рәсімі, көз арбасу, баспасөз конференциясы MGM Grand қонақүйінде өтеді. 

Бастапқыда жекпе-жек осы MGM Grand қонаүйінде өтеді деген ойға келесің. Оның жарнамалары көрші ғимараттан әлде қайда басып озған. 

Лас-Вегастағы бұл кешенде казино және қонақүй бар. Мұнда көптеген бокс әлемінің жұлдыздарын көруге болады. 

T-Mobile аренасында жекпе-жектің алдында соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр. Спорттық кешеннің алдын кішкене еден шөткелермен тазалағыш құралдармен жуып жатыр. 

Аренаның ішінде дайындық аяқталған.

T-Mobile аренасының алдында кассалар мүлдем жоқ. Бәлкім бұл билеттердің екі апта ішінде сатылып кетуіне байланысты болуы мүмкін. 

Боксты тамашалауға мейрамханалар мен қонақүйлер де шақырып жатыр. 

Головкина мен "Канелоның" жанкүйерлері салмақ өлшеу рәсімінде көп болуы мүмкін. Алайда қазірден бастап мексикалықты қолдаушылар саны біршама көп екенін аңғаруға болады. 

Мына кәсіпкер Головкин мен Альварестің суреті бар жейдені 10 долларға сатып тұр. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте таңғы уақытта) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы