Жейдедегі номерлер туралы қызық деректер

Жейдедегі номерлер туралы қызық деректер

1928 жылы 13 қазан күні лондондық аяқ доп шеберлері  «Арсенал» мен «Челси» командалары алаңға бірінші рет номерлі жейделер киіп шықты. Уақыт өте көле бұл үрдісті барлық клубтар қалыптастыра бастады. Ал 1950 жылдан бастап әлемдік фтубол додасында алаңға номерлі жейдемен шығу міндеттелді.

Алғашқы кезде номер алаңдағы футболшылардың орналасу тәртіне қарай берілген. Мәселен қақпашы №1 номерін алса, сол жақ қорғаушы №11 номерлі жейде кейсе, №12,13 номерлі жейделерді қосалқы құрамдағы ойыншылар киген.

Жоғарыдағы көрсетілген үрдісті бұзған голландиялық Йохан Круифф. Ол алаңға өзіне ұнайтын номерлі жейдені киіп шыққан. Яғни ол алаңға №14 номермен шыққан. Кейін №30 номерін де алған.

1978 жылы Аргентина ойыншыларының арасында номерге таласу туындаған. Ең оңай жолын бапкерлері Менотти ұсынған. Ол номерді әліппедегі қатары бойынша таратып берген. Мәселен №1 жейделі ойыншы – Алоносо болған. Бұл үрдісті аргентина ойыншылары 1982 жылға дейін сақтап келді. Тек Марадона өзіне №10 жейдесін киіп, үрдісті тоқтақан.

ФИФА-ның заңына сәйкес ойыншылар №1-№ 99-ға дейінгі номерлерді өздеріне ала алады.

М. Ақан