Ольганың олжасы немесе қола жүлдесі үшін қанша сыйақы алады?

Ольганың олжасы немесе қола жүлдесі үшін қанша сыйақы алады?
Фото: informburo.kz

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында  қола жүлдегер атанғаны 20 мың доллар табыс тапты, - деп хабарлайды vksport.kz.

Ольга Рыпакова әлем чемпионатында 14,77 метрге секіріп, қола медаль жеңіп алған еді. Бұл - оның маусымдағы үздік көрсеткіші.

Басылымның мәліметінше, 20 мың доллар спортшының үшінші орын алғаны үшін жүлдесі. Чемпиондар болса 60 мың доллар алады екен. Ал әлем рекордын жаңартқан атлеттер 100 мың доллар көлемінде арнайы сыйақы алады.

Айта кетейік, 32 жастағы Ольга Рыпакованың қоржынында әлем чемпионаттарының үш медалі бар. Осыған дейін Тэгуде (2011 жыл) – күміс, 2015 жылы Бейжіңде қола жүлдегер атанған еді. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада жеңімпаз атанған ,болатын. 

Ө. Сансызбай