"Барселона" Жапонияда жаңа спорттық жейдесін таныстырды

"Барселона" Жапонияда жаңа спорттық жейдесін таныстырды
Фото: Metro TV

"Барселона" футбол клубының ойыншылары Лионель Месси, Неймар, Жерар Пике мен Арда Туран Жапония елінің астанасы Токиода команданың жаңа маусымға арналған жаңа үлгідегі спорттық жейдесін таныстырды.

Каталондық клубтың 2017/2018 жылғы маусымдағы спорттық киімдерін танымал "Nike" компаниясы дайындайды. Осыған дейін де осы компания дайындап келген болатын. Тек алдағы маусымнан бастап команданың ресми демеушісі ауысады. Бұл туралы бұған дейінде хабарланған еді.

Алдағы маусымнан бастап команда жейдесінің алдына "Rakuten" интернет-компаниясының аты жазылатын болады. Жапон компаниясы бұл демеушілік үшін клубқа жылына 55 миллион евро төлейді. Қос тарап төртжылдық келісімшартқа қол қойған.

Ө. Сансызбай