Конфедерация кубогының ең үздік голы анықталды (видео)

Конфедерация кубогының ең үздік голы анықталды (видео)
Фото: Futbol Sapiens

Футболдан Ресейде өткен Конфедерация кубогының ең үздік голы анықталды. Оны футболсүйер қауым ФИФА-ның ресми сайтында дауыс беру арқылы таңдады.

Мексика ұлттық құрамасының футболшысы Марко Фабианның алыстан теуіп соққан голы үздік деп танылды. Дауыс бергендердің 55 %-ы осы голды үздік санаған. Футболшы бұл голды жартылай финалда Германия құрамасының қақпасына соққан еді.

Екінші орынға да мексикалық тағы бір футболшы Фабиан Рауль Хименестің голы орналасты. Ол бұл голын топтық кезеңде Жаңа Зеландия құрамасына соқты. Үшінші орынға португалиялық Рикарду Куарежманың Мексика құрамасына соққан голы жайғасқан.

Айта кетейік, Ресейде өткен додада Германия құрамасы финалда Чилиді ұтып, чемпион атанған еді.

Ө. Сансызбай