Жарыс кезінде нигериялық спортшының жасанды шашы түсіп қалды (видео)

Жарыс кезінде нигериялық спортшының жасанды шашы түсіп қалды (видео)
Фото: eyenub.comlive

Ослода өткен "Гауһар лига" кезеңінде нигериялық спортшы қыз Блессинг Окагбаре жайсыз жағдайға тап болды. Жайсыз жағдай болғанмен, жанкүйерлер есінде жарыстың үздік сәттерінің бірі ретінде қалды.

Үш қарғып секіру жаттығуында Блессинг Окагбаренің жасанды шашы (парик) түсіп қалды. Жеңіл атлет жасанды шашын алып, қайта киіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшының үздік көрсеткіші 6 метр 48 сантиметрді құрап, жалпы есепте 6-орын алды. 

Ө. Сансызбай