Бразилия құрамасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)

Бразилия құрамасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)
Фото: Delfi

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Диего Соуза команда тарихындағы ең жылдам голды соқты. Футболшы Аустралиямен өткен жолдастық кездесудің 10-шы секундында-ақ есеп ашты.

Ойынды Аустралия құрамасы бастаған. Араға санаулы секундтар сала Виктор Жулиано допқа ие болып, Диего Соузаға пас асырды. Бразилиялықтың тепкен добы қақпа торынан табылды.

Ойында Бразилия құрамасы алаң иелерін 4:0 есебімен жеңді. Диего Соуза дубль орындаса, Тиаго Сильва мен Тайсон бір-бір голдан соқты.

Ө. Сансызбай