Мессидің мансабындағы ең әдемі соққан голы (видео)

Мессидің мансабындағы ең әдемі соққан голы (видео)
Фото: El Confidencial

"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси спорттық мансабындағы ең әдемі голын "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Эдвин ван дер Сарға соққан. Бұл туралы футболшының өзі "Fox Sports" басылымына берген сұхбатында айтты.

- Рио Фердинанд тұрғанда баспен гол соғу ойыма да келмеген. Бірақ сол голды соғарда ешкім маған кедергі болған жоқ. Бұл команда үшін өте маңызды гол болды. Әлі күнге дейін ең әдемі голым ретінде бағалаймын. 2006 жылы финалда жарақатыма байланысты ойнамадым. Ал сол жолы гол соғу аса маңызды еді. Сол маусымда біз алға қойған мақсатымызды түгелдей орындадық, - деді футболшы.

Айта кетейік, жақында ғана Лионель Месси Еуропадағы ең үздік сұрмерген атанып, төртінші рет "Алтын бутсы" марапатына ие болған еді. 

Ө. Сансызбай