Қазақстандық спортшылардың бала арманы

Қазақстандық спортшылардың бала арманы
Фото: коллаж

Бүгін, 1 маусым – балаларды қорғау күні. Осыған орай ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың бала арманы жайлы видеоролик дайындады. Онда Олимпиада ойындарында, түрлі халықаралық жарыстарда қазақ елінің атын шығарған, әлі де танытып жүрген спортшылардан сауалнама жасалған.

Сауалнамада спортшылар «Мен бала кезімде кім болуды армандадым...» деген сауалға жауап береді. Сондай-ақ бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және біздің спортшыларымыз балаларды қорғау күнімен құттықтайды. Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! – деген ресми хабарламада.

Ал сіз бала кезіңізде қандай маман иесі болуды армандадыңыз, құрметті оқырман?

Ө. Сансызбай