Әлемдегі ең танымал спортшылар

Әлемдегі ең танымал спортшылар
Фото: коллаж

Американың ESPN басылымы әлемдегі ең танымал 100 спортшының тізімін жариялады. Бірінші орында мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тұр.

Спортшылардың танымалдылығы арнайы жүйе негізінде есептелген. Оған спортшылардың табысы, әлеуметтік желілердегі ықпалы мен Google жүйесінде қаншалықты ізделетіні назарға алынған.

Рейтингте Роналдудан кейінгі орынға баскетболшы Леброн Джеймс ("Кливленд Кавальерс") орналасса, үздік үштікті "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси түйіндеп тұр.  

Ең танымал 100 спортшының қатарына отандасымыз Геннадий Головкин енбеген. Тізімге тек екі боксшы ғана енген: филиппиндік Мэнни Пакьяо мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес. Олар тиісінше 59 және 89-орындарға жайғасқан. 

Үздік ондыққа кірген спортшылар тізімі:

1. Криштиану Роналду (футбол)
2. Леброн Джеймс (баскетбол)
3. Лионель Месси (футбол)
4. Роджер Федерер (Швейцария, теннис)
5. Фил Миккельсон (АҚШ, гольф)
6. Неймар (Бразилия, футбол)
7. Усейн Болт (Ямайка, жеңіл атлетика)
8. Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол)
9. Рафаэль Надаль (Испания, теннис)
10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф)

О. Сансызбай