Головкин мен "Канелоның" ең мықты соққылары мен нокауттары салыстырылды

Головкин мен "Канелоның" ең мықты соққылары мен нокауттары салыстырылды
Фото: WorldBoxingNews

YouTube-тегі белгілі "GOATBoxing" арнасы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің нокауттарын салыстырған видео жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Альварес-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Ал өтетін орны әлі таңдалмады. Бұл кездесу АҚШ, Ұлыбритания, Мексика және Араб Әмірліктерінде өтуі мүмкін. Жекпе-жекке Геннадий Головкиннің барлық атағы (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері), ал Альварестің "The Ring" журналының белбеуі тігіледі.


Ө. Сансызбай