Өз айып алаңынан гол салған қақпашылар (видео)

Өз айып алаңынан гол салған қақпашылар (видео)
Фото: sport-express.ru

Футбол ойынында түрлі қызықты сәттер орын алып жататыны белгілі. Мұнда өзіне өзі де, өзге де сеніңкіремеген ойыншылар күтпеген жерден қарсыластардың қақпасын тура дәлдеп жататын кездер де жетерлік. Әдетте, бапкерлер мұндай жағдайды көбіне шабуылшыларға артады. Алайда, өзінің күштілігін дәлелдеп, жасыл алаңда бекер жүрмегенін көрсететін футболшылар да жетерлік. Ал, тек доп қағып қана көптің назарына түсетін қақпашылардың арасында мұндай тамаша жігіттер бар екен. Өз айып алаңынан, қарсыластың қақпасын нысанаға тура алған ойыншылар жанкүйерлердің де, бапкерлердің де көзіне ерекше түседі. Сонымен назарларыңызға керемет қабілетін көрсете білген қақпашылардың тамаша голдарын ұсынбақпыз. Видеороликте тек таңғаларлық голдар ғана емес, доптың ұшу жылдамдығымен соққының тура жететіні көпті сүйсіндірді. 

B. ZHAQSYMBET