Роналду "Реалда" көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады

Роналду "Реалда" көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады
Фото: Xsport

Мадридтік "Реалдың" көшбасшысы Криштиану Роналду командасында көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады. Ол бұл тізімді клуб президенті Флорентино Перес пен бас жаттықтырушы Зиннедин Зиданға ұсынған.

Diariogol.com порталының хабарлауы бойынша команда алдағы уақытта қақпашы, орталық қорғаушы, плеймейкер және шабуылшы іздестірмек екен.  Португалдық футболшы бұл орындарға лайықты ойыншыларды таңдап үлгерген.

Роналду "Реал" қақпасына Давид Де Хеа (Манчестер Юнайтед) немесе Тибо Куртуаның (Челси) келгенін қалайды екен. Ал плеймейкер қызметін отандасы Бернард Силва (Монако) атқара алатынына сенімді. Шабуыл шебіне Усман Дембеле, Пьер-Эмерик Обамеянг (екеуі де - «Боруссия», Дортмунд), Пауло Дибала («Ювентус») немесе Килиан Мбаппенің («Монако») келгенін жөн санайды.

Ө. Сансызбай