Головкин – Джейкобс жекпе-жегінде жанкүйерлер төбелесіп қалды (видео)

Головкин – Джейкобс жекпе-жегінде жанкүйерлер төбелесіп қалды (видео)
Фото: HBO

Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе – жек кезінде жанкүйерлер қақтығысы орын алды. Оқиға кездесудің бірінші және екінші раундтары аралығында болған.

Видеодан басында екі адамның бір-біріне дауыс көтере сөйлеп тұрғанын, артынша ұстаса кеткенін байқауға болады. Кешен күзетшілері жанкүйерлерді жылдам тәртіпке шақырған. Қақтығыс соңы немен аяқталғаны белгісіз.

Айта кетейік, "Madison Square Garden" спорт кешенінде өткен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин Дэниел Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтып шыққан болатын.

Ө. Сансызбай