Euro-2016 додасының өткізілетін мерзімі анықталды

Euro-2016 додасының өткізілетін мерзімі анықталды

Euro-2016 турнирінің іріктеу додасы 2014 жылдың 9 мамырында Ницца қаласында өтеді. Бұл туралы чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Жак Ламбер мәлімдеді. Франция елі екінші рет өткізгелі жатқан  турнирдің електеу ойындары 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2015 жылдың қараша айына дейін өтетін болады.

Euro-2016 турнирінің финалдық кезеңіне жеребе Парижде 2015 жылдың желтоқсан айында тартылады. Сонымен қатар Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңі Францияның 8 қаласында 11 маусым мен 29 маусым аралығында өтеді.

«Біз Еуро біріншілігінің финалдық кездесуі қай қалада өтетінін әлі анықтаған жоқпыз. Марсельдің "Стад де Франс" стадионы да, Лион қаласының "Жерлан" алаңы да финалдық кездесуді өткізуге дайын. Дегенмен бізде әлі уақыт жетерлік. Қос қаланың жағдайын мұқият бақылап, алдағы уақытта финалдық кездесудің қай қалада өтетінін анықтайтын боламыз», - дейді  Жак Ламбер

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: rus.ruvr.ru

У. ҚОСАНБАЙ