Месси мазасыз көршісінің үйін сатып алды

Месси мазасыз көршісінің үйін сатып алды
Фото: vesti.kz

Әйгілі футболшы Лионель Месси маза бермеген көршісінің үйін сатып алды. Бұл туралы футболшының командаласы Иван Ракитич "L'Equipe" басылымына берген сұхбатында айта кетті.

- Месси Барселона маңындағы Кастельдефельседен үй алғанда көршісі жайсыз болды. Жиі шулайтын болғандықтан, Месси мен Антонелла жандарының тыныштығы үшін көршісінің үйін сатып алып тынды, - деді Ракитич. 

Айта кетейік, 29 жастағы футболшы каталондық клубпен жақын арада жаңа келісімшартқа қол қоятын болады. Ол келісімшарт негізі бойынша футболшы әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншы атануы мүмкін. Сондай-ақ әлемнің үздік футболшысы спорттық мансабының соңына дейін "Барселонада" ойнауға да өз келісімін бермек.

Ө. Сансызбай