Универсиада – 2017. Шымбұлақтағы жарыс қалай өтуде? (Фото)

Универсиада – 2017.  Шымбұлақтағы жарыс қалай өтуде? (Фото)
Фото: massaget.kz

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындары қыза бастады. Жүлдеге деген спортшылардың бәсекелестігі мен жанкүйерлердің ойын көруге деген ынтасы енді-енді ашыла бастаған сыңай танытуда. Спорттың көптеген түрінен бақ сынауға келген әлем студенттері өздерінің бар шеберлігін салып өнер көрсетуде.

"Сен тұр, мен атайын" деген студенттердің бойындағы жігерлілік пен өжеттілікті шынайы көруге асыққан жанкүйерлер өз командасына қолдау көрсетуге таласуда. Соның нәтижесінде Алатау баурайында орналасқан қарт Алматының жан-жағында өтіп жатқан турнирлерге бүгінде билет табудың өзі қиындай түсті. 

Ал "әттеген-ай" деген жанкүйерлер үшін Шымбұлақ таулы аймағындағы тартысты бәсеке туралы аз-кем фотолар арқылы мағлұмат жеткізуді жөн санадық.

Шымбұлаққа шығар жолда Медеу мұз айдынын жоғарғы жағынан көруге болады. Аталған ғимаратта конькимен жарыс өтіп жатқандығын да естеріңізге салып қоялық. 

Сноуборд тақтасына мінген спортшы өзінің керемет трюктерін жасап жүр. 

Жарыс жолын бақылап жүрген қызметкер. Қолындағы техникалық құрал арқылы кей жерлерге қар шашады.  

Жасының ұлғайғанына қарамастан спортшыларды демеуге келген әженің алысқа көз тігіп тұрған сәті. 

Жапондық журналистер жарысты өздерінше талдауда.  

Жеңіс тұғырынан көрінген Юлия Галышеваны марапаттау сәті. Қолдау білдірген жанкүйерлерге қол бұлғап, алғысын жаудырып тұр. 

Ақпаратты жылдам беруге тырысқан Массагет сайтының журналисі Өмірбек Сансызбай. Қандай жағдай болмасын өз міндетін керемет орындайтынын тағы да дәлелдеді. 

Ойынды тәмамдап, ой үстінде жатқан спортшыларды да назардан тыс қалдырмадық. 

Фристайлдан ел қоржынына алтын салған Дмитрий Рейхард жарыс соңында баспасөз клубына келіп, өз ойын білдірді. 

B. ZHAQSYMBET