Роналдудың ең үлкен қорқынышы

Роналдудың ең үлкен қорқынышы
Фото: eurosport.ru

Португалдық футболшы Криштиану Роналдудың ең қатты қорқатыны - жастай жеткен ажал екен. Аты аңызға айналған ойыншы кем дегенде 80 жас өмірін жер бетінде өткізгісі келетінін мәлімдеді. "Менің ең қатты қорқынышым - жастай өлу. Енді ғана еңбектеніп толағай табыстарға жете бастағанда барлығымен қоштасқым келмейді. Мен 80-90 жастағы қарт болып қайтыс болғанымды қалаймын" деп, өзінің жүрегіндегі ең ұлы сезімдердің бірімен бөлісті. Криштидің күнделікті спортпен шұғылданып, денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын ескеріп жанкүйерлері әлі де болса көп өмір сүретінін алға тартуда. Алайда, ажал айтып келмейді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырдың қай мезетте таусылатыны тәңірдің ғана қолында.  


B. ZHAQSYMBET