Қос Манчестерлік алып «Зенит» жартылай қорғаушысы үшін талас жүргізуде

Қос Манчестерлік алып «Зенит» жартылай қорғаушысы үшін талас жүргізуде

Жалақысын көтеруге арызданып, Санк-Петербургтік «Зениттің» қосалқы  құрамына аударылған Игорь Денисовке британияның белді командалары қызығушылық танытуда. Ресей құрамасының капитанын "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити", "Ливерпуль" және "Арсенал" командалары өз командаларында көргісі келеді екен. Бұл туралы британдық басылымдар хабарлайды.

Айта кетейік, Денисов Ресей біріншілігінде «Крыля Советовпен» болған кездесуде алаңға шықпай, жалақысын көтеру туралы клуб жетекшілеріне шағым түсірген.

Питерлік команданың бас директоры Максим Митрофанов айтуынша, Денисов көпшіліктің алдында кешірім сұрамайынша, ұжымның қосалқы құрамында өнер көрсететін болады дейді. Ал Игорь Денисовтің «Зентпен» келісім-шарты 2015 жылға дейін. Сонымен қатар Денисовпен бірге қосалқы құрамда Ресей құрамасының шабуылшысы Александр Кержаков та бар. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sport.qip.ru

У. ҚОСАНБАЙ