2016 жылдың ең үздік голы (видео)

2016 жылдың ең үздік голы (видео)
Фото: vk.com

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) кеше 2016 жылдың үздіктерін марапаттады. Салтанатты шара барысында жылдың үздік голына берілетін «Пушкаш сыйлығына» малайзиялық футболшы Мохд Фаиз Субри ие болды.

Малайзияның «Пенанг» командасында ойнайтын футболшы «Паханг» клубына қарсы ойында айып добынан асқан шеберлікпен гол соққан. Оның шиіре тепкен добы бағытын өзгертіп, қарсылас қақпасында тулаған.

Жылдың үздік голын жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтады. Мохд Фаиз Субриге жылдың үздік голы сыйлығын әйгілі бразилиялық футболшы Роналдо табыстады.

Айта кетейік, жылдың үздік голына табысталатын «Пушкаш сыйлығы» 2009 жылдан бері беріліп келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген.

Ө. Сансызбай