Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / «Боруссия д» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

«Боруссия д» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

«Боруссия д» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

Дортмундтық «Боруссия» Чемпиондар лигасының кезекті рекордын жаңартты. Мадридте «Реалмен» 2:2 есебімен тең ойнаған неміс ұжымы топтық кезеңде ең көп гол соққан команда атанды.

Томас Тухель жаттықтыратын команда топтық кезеңдегі 6 ойында 21 гол соқты. Өткен турда «Легия» командасының қақпасына 8 гол соғып, 4 рет допты өз қақпаларынан алып шығып, ең көп гол соғылған ойын ретінде рекорд тіркеген еді.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ешбір команда 21 гол соқпаған. Тек мадридтік «Реал» (2013/2014), ағылшындық «Манчестер Юнайтед» (1998/1999) және каталондық «Барселона» (2011/2012 және 2016/2017) 20 голдан соққан.

Айта кетейік, биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан барлық командалар анықталып үлгерді. «Арсенал», «Лестер Сити» (екеуі де – Англия), «Барселона», Атлетико» (екеуі де – Испания), «Ювентус», «Наполи» (екеуі де – Италия), «Монако» (Франция) және «Боруссия д» өз топтарынан бірінші орынмен шықты. Ал «Реал», «Севилья» (екеуі де –Испания), ПСЖ (Франция), «Бенфика», «Порту» (екеуі де – Португалия), «Манчестер Сити» (Англия), «Бавария» мен «Байер» (екеуі де – Германия) өз топтарында екінші орын алды.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы командалардың жеребе тастау рәсімі 12 желтоқсан күні өтеді.

Фото: VoetbalRSS
Қосылған күні: 08 желтоқсан 2016, 17:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.