Бельгия шабуылшысы әлем чемпионатының ең жылдам голын соқты (видео)

Бельгия шабуылшысы әлем чемпионатының ең жылдам голын соқты (видео)
Фото: vk.com

Футболдан Бельгия ұлттық құрамасының шабуылшысы Кристиан Бентеке әлем чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты. Ол Гибралтар құрамасына қарсы ойында командасын ойынның 7 секундында-ақ алға шығарды.

Кристиан Бентеке Сан-Марино құрамасының ойыншысы Давид Гвальтеридің рекордын жаңартты. Ол 1993 жылы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Англия құрамасының қақпасына 8 секундта гол соққан еді.

Бельгия құрамасы ең жылдам гол соғып қана қоймай, ірі есеппен де жеңіске жетті. Кристиан Бентеке хет-трик авторы атанса, Аксель Витсель, Дрис Мертенс пен Эден Азар бір-бір голдан соқты. Алаң иелері Тибо Куртуа қорғаған қақпаға гол соға алған жоқ. 

Ө. Сансызбай