Футзалдан әлем чемпионатының ең үздік 10 голы (видео)

Футзалдан әлем чемпионатының ең үздік 10 голы (видео)
Фото: tvoygorodpskov.ru

Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионаты да аяқталды. Финалда Ресей құрамасын 5:4 есебімен жеңген Аргентина құрамасы чемпион атанды. Назарларыңызға осы додада соғылған ең үздік 10 голды ұсынамыз.

Әлем чемпионатында барлығы 356 гол соғылды. Испания құрамасының ойыншысы Айкардоның Иран құрамасының қақпасына соққан голы ең үздік ретінде танылды.

Айта кетейік, Колумбиядағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысқан болатын. Топтағы бірінші ойында жеңімпаз атанған Аргентина құрамасына ұтылып, кейінгі екі ойында Соломон аралдары мен Коста-Рика құрамаларын ұтқан-ды. Ал плей-офф кезеңінде Испания құрамасына жол беріп алған еді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан кейін әлемдегі ең үздік құраманың қатарына қосылды. 

О. Сансызбай