Геннадий Головкин ESPN рейтингінде көш басына шықты

Геннадий Головкин ESPN рейтингінде көш басына шықты
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин танымал ESPN арнасының рейтингінде көш басына шықты.

Қазақстандық боксшы бүгінде басты қарсыласы саналып жүрген мексикалық Сауль Альваресті көш басынан ығыстырды. Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер «twitter» желісіндегі парақшасында жазды.

- GGG ақыры орта салмақта ESPN рейтингінде көш бастады, - деп жазды.

Геннадий Головкин осыған дейін ESPN рейтингіне көңілі толмайтынын айтқан болатын. Ал мамыр айында WBC чемпиондық атағын Сауль Альварес жекпе-жексіз GGG-ге берді. Бұл бас таруты да оның екінші орынға түсуіне себепкер болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 11 қыркүйек күні Лондонда британдық боксшы Келл Брукты бесінші раундта жеңіп, чемпиондық атақтарын қорғап қалған болатын. Ал 17 қыркүйек Сауль Альварес Техаста  (АҚШ) британдық Лиам Смитті тоғызыншы раундта жеңіп, бірінші орта салмақта WBO чемпиондық белбеуін иеленді.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 2017 жылы өтуі мүмкін. 

«ESPN» рейтингіндегі үздік 10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (36-0),
2. Дэниэл Джейкобс (32-1),
3. Мигель Котто (40-5),
4. Билли Джо Сондерс (23-0),
5. Энди Ли (34-3-1),
6. Давид Лемье (35-3),
7. Крис Юбенк-кішісі (23-1),
8. Питер Куиллин (32-1-1),
9. Хассан Н’дам Н’Жикам (34-2),
10. Автандил Хурцидзе (32-2-2).

Ө. Сансызбай