Еуропа лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)

Еуропа лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды (видео)
Фото: sports.ru

Футболдан Еуропа лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды. Әзірбайжанның «Карабах» клубына қарсы ойында «Слован» (Чехия) клубының ойыншысы Ян Сыкора алғашқы голды кездесудің 11 секундында соқты.

Қос клуб арасындағы топтық кезеңдегі бірінші ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ал Ян Сыкора жылдам голының нәтижесі бойынша рекорд орнатты. Осыған дейін бұл рекорд «Севилья» ойыншысы Витолоның еншісінде болатын. Ол 2013 жылы «Вильярреал» қақпасына ойынның 13 секундында гол соққан еді.

Еуропа лигасында ең жылдам соғылған 6 гол:

10,69 Ян Сикора («Карабах» — «Слован» Либерец 2:2) 15.09.2016
13,21 Витоло («Вильярреал» — «Севилья» 1:3) 12.03.2015
15,19 Исмаэль Бланко (АЕК — БАТЭ 2:2) 05.11.2009
16,88 Кейта Бальде («Лудогорец» — «Лацио» 3:3) 27.02.2014
18,18 Хуан Мата («Валенсия» — «Брюгге» 3:0) 25.02.2010
19,19 Серхио Агуэро («Манчестер Сити» — «Порту» 4:0) 22.02.2012

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемдегі ең жылдам соғылған голдар саны бірнешеу. Олардың барлығы да төреші ысқырығы шалынысымен, алаң ортасынан бағытталып, нәтижелі аяқталған. Бірақ, оның біреуі ғана Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол голды аргентиналық футболшы Рикардо Оливейра соққан. Оның есімі жазылған рекорд 1998 жылы тіркелген. Аргентинаның «Сориано» командасының ойыншысы жергілікті «Рио-Негро» қақпасына 2,8 секундта гол соққан. Әзірге дейін бұл рекордқа түзету енгізілген жоқ.

Дегенмен 2009 жылы Сауд Арабиясында футбол тарихындағы ең жылдам гол соғылды. Наваф Әль Абед есімді шабуылшы ойын басталғанына 2 секунд өтпестен таблодағы есепке өзгерту енгізген. Бірақ, бұл нәтиже де рекорд ретінде есепке алынбады. Себебі, алаңға шыққан барлық ойыншылардың жасы 23-тен аспаған екен. Нәтижесінде Наваф Әль Абедтің голы бейресми түрде, әлемдегі ең жылдам соғылған гол ретінде ел есінде қалды.

Ө. Сансызбай