Головкин - Брук жекпе-жегі жайлы аса қажетті 10 дерек

Головкин - Брук жекпе-жегі жайлы аса қажетті 10 дерек
Фото: vk.com

Осы демалыста қыркүйек айындағы ең басты кездесу болмақ. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Төменде Головкин - Брук жекпе-жегі жайлы 10 дерек:

1. Жекпе-жек қашан өтеді?

10 қыркүйекте Лондонда Астана уақытымен 23:00-де өтеді. 

2. Жекпе-жек қайда өтеді?

Головкин - Брук кездесуі 20 мың орындық О2 аренасында өтеді.

3. Қайдан көруге болады? 

Sky Box Office және Sky Box Office HD телеарналары тікелей эфирден көрсетеді (бізде Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді). 

4. Салмақ өлшеу рәсімі 

Жұма күні, 9 қыркүйекте.

5. Екеуінің осыған дейінгі кездесулері.

Боксшылар бірінші рет көзбе-көз кездеседі.

6. Бруктың соңғы бес жекпе-жегі

Кевинье Бизье (екінші кезеңде ТКО)
Фрэнки Гэвин (алтыншы кезеңде ТКО)
Ионуц Дан Ион (төртінші кезеңнен кейін жекпе-жектен бас тарту)
Шон Портер (12 кезеңнің қорытындысы бойынша төрешілердің дауысымен)
Альваро Роблес (сегізінші кезеңде ТКО);

7. Головкиннің соңғы бес жекпе-жегі

Доминик Уэйд (екінші кезеңде КО)
Давид Лемье (сегізінші кезеңде ТКО)
Вилли Монро (алтыншы кезеңде ТКО)
Мартин Мюррей (11 кезеңде ТКО)
Марко Антонио Рубио (екінші кезеңде КО);

8. Бәске не тігіледі?

Головкин өзінің үш белбеуін қорғайтын болады - WBC, IBF және IBO, себебі WBA Брукпен кездесуге санкция бермеген. Ұлыбританиялық боксшының титулы бәске қойылмайды.

9. Головкин үшін жаңа жер

Геннадий Ұлыбританияда бірінші рет жұдырықтасады. Осыған дейін ол Германияда, Данияда, Панамада, Қазақстанда, Украинада, АҚШ-та және Монакода жекпе-жектерін өткізген.

10. Букмекерлердің бағасы

Бруктың жеңісіне 9,2 коэффициент

Тең аяқталуы 28,1 коэффициент

Головкинның жеңісіне 1,7 коэффициент

Дереккөз: tengrinews.kz

Ө. Сансызбай